Deep Flow
Mind&Body
Қиындығы: Орташа

DEEP FLOW — дене иілгіштігін арттырып, бойлық (продольный) және көлденең (поперечный) шпагатқа біртіндеп жақындағысы келетіндерге арналған терең практика. Жаттығу жұмсақ динамикалық бой жазуды, белсенді созылуды және статикалық қалыптағы терең жұмысты біріктіреді. Дене қызудан бастап, жұмсақ созылу арқылы амплитудамен терең жұмыс істеуге дейінгі жолдан біртіндеп өтеді. Жаттығуда түрегеп тұрып және еденде (партерде) орындалатын қозғалыстар кезектеседі, ал қарқындылық жеңіл бой жазудан тереңірек қалыптарға қарай біртіндеп артады. Тыныс алуды бақылауға, босаңсуға және амплитудамен саналы түрде жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Негізгі бағыт: бойлық және көлденең шпагат.

Әзірге пікірлер жоқ!

Сізге ұнауы мүмкін: