
HYROX Race жарысына дайындалатын атлеттерге арналған арнайы жаттығу. HYROX Training базалық форматынан айырмашылығы — бұл жаттығу жарыс жағдайына барынша жақындатылған. Жаттығу барысында жоғары қарқын мен көлем, жарыста қолданылатын қозғалыстар мен станциялар, жүгіру аралықтары, қажетті қарқынды сақтау және жаттығулар арасындағы ауысулар қамтылады. Формат HYROX жарысына қатысуды жоспарлап жүрген немесе жарыс тәжірибесі бар, физикалық дайындығы жақсы атлеттерге арналған. Invictus — ресми аффилирленген HYROX Training Club.